Ресей Түркияға С-400 әуе қорғаныс жүйесін құрастыру технологияларын бермейтін болды - деп хабарлайды Интерфакс ақпарат агенттігі.
Ресей президентінің әскери-техникалық әріптестік жөніндегі кеңесшісі Владимир Кожин журналистер алдында сөйлеген сөзінде: «Түркия қазіргі таңда С-400 құрылғысын сатып алуға байланысты алдын ала жарнасын төлеп қойды. Анкарамен арадағы келісім өз күшіне енді. Бірақ С-400 әуе қорғаныс жүйесін құрастыру технологияларын Түркияға беруге байланысты келіссөздер жүргізіліп жатқан жоқ» - деген.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Түрия Ресейден құны 2,5 млрд долларды құрайтын С-400 әуе қорғаныс жүйесін сатып алады және өзі құрастырады деген ақпарат тараған.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды