Украинаның Калиновка қаласындағы қару-жарақ қоймасында жарылыс болды деп хабарлайды түрік ақпарат құралдары. Жарылыс болған орынға жақын тұрғындар эвакуацияланған. Әзірге жарылыстан бір адам жарақат алған, қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ. Бұл туралы «Түрік теле-радио» қызметінің ресми сайты хабарлап отыр.
Куәгерлердің айтуынша, алғашқы жарылыстан аспанда күшті жарқыл көрінген. Тұрғындар жарылыстан пайда болған өрт пен түтіннен улы газ түзілуінен алаңдап отыр. Жергілікті БАҚ-тың мәліметіне қарағанда, жарылыс толқынының күштілігінен қаладағы ғимараттардың терезелері сынып кеткен. Жарылыс болған орында 700 өрт сөндіругі және құтқарушы қызметкерлер тартылған.
Ресми мәліметтерге қарағанда, жарылыс болғаннан көп ұзамай, Калинковкаға Украина қарулы күштерінің Виктор Муженко мен премьер-министр Владимир Гройсман барған. Қазір қалада адамдарды эвакуациялау мен жаппай тәртіпсіздіктің алдын алу шаралары жасалуда.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті