Сонау сексенінші жылдардың аяғы - ел тәуелсіздігінің қарсаңында, күллі Қазақ жұртының көкейінде, айтыста қара өлеңнің қасиетімен жұртты тәнтті еткен, әйгілі жыршы Қатимолла Бердіғалиев қаракер домбырасын сыйлаған айтыскер ана бейнесі өшпестей қалып қойды.
Сонау Мұңғолияның Баянөлгей аймағындағы қаймана қазақтың сағынышын ала келген қызын бүкіл қазақ жұрты ыстық ықыласымен қарсы алған еді. Соның айқын дәлеліндей Қатимолланың қаракер домбырасы да шеттегі қазаққа жолдаған елдің ақ көңіліндей Баянөлгей топырағына өлеңші қызымен бірге кеткені әлі ел есінде.
Әлқисса, қара өлеңнің бұйдасын жетелеген сол анамыз бүгінде барша қазақ білетін Егеухан Мұқамәдиқызы еді. Арада көп өтпей еліміз егемендік алған жылдары тәуелсіздік таңымен бірге анамыз ата мекенге түбегейлі қайта оралды. Анықырақ айтсақ ел құшағына әйгілі халық ақыны, белгілі ат сыншысы Кәп Құмарұлының отбасы келді. Қатимолланың қаракер домбырасы да елмен бірге келді, Домбырадай күмбірлеп қазақ айтысына Кәптіңұлы Дәулеткерей келді. Қаракер домбыра жақсылқтың ырымы болды. Ел мен ел қосылды...
Бүгін сіздердің назарларыңызға сол өнегелі ана Егеухан Мұхамәдиқызының басқада қырларын ашып, жан-жақтылы таныстырған. «Даражол» бағдарламасындағы қазақ жұртына шерткен сырын ұсынып отырмыз.