Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі (АҚХА) Иранның 2015-ші жылғы ядролық мәселеге қатысты келісімдердегі белгіленген жобаларын іске асырғанын мәлімдеді.
Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің мәліметінше, АҚХА дүйсенбі күні мәлімдеме жариялап, Форду нысанында орнатылған жүздеген центрифугаларын шығарғанын және осы уақытқа дейін ядролық мәселеге қатысты келісімдегі барлық міндеттемелерін орындағанын хабарлады.
Агенттіктің мәлімдемесі бойынша Форду нысынындағы центрифугалар мен басқа құралдарды Натанз нысанына ауыстыру жұмыстары жоспарланған кесте бойынша іске асырылған.
Иран мен «алтылық» тобы арасындағы 2015-ші жылдың қаңтар айындағы ядролық мәселеге қатысты келісім 2016-шы жылдың 16-шы қаңтарынан бастап іске асырылған болатын.
«The Qazaq Times»

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес