Осы дүйсенбі, де әлем басшылары БҰҰ Бас Ассамблеясында жиналып жатқан тұста, Ресей мен Қытай Тынық мұхиттың солтүстік-шығысында бірлескен әскери оқу жаттығуларын бастады. Бұл екі ел арасындағы әскери ынтымақтастықтың жаңа қатынастарын көрсетумен бірге, Ресейдің әскери күш-жігерін көрсетуге арналған сахнаны деуге болады. Бұл туралы «The Wall Street Journal» басылымы жазды.
Қытай Қорғаныс министрлігінің берген мәліметіне қарағанда, Қытай мен Ресей арасындағы бірлескен әскери қоу-жаттығу 8 күнге жалғасады, әрі жаттығу теңізде және құрлықтада өткізіледі делінген. Бұл жаттығу соғыс кемелерін әуе шабуылдарынан және бетпе-бет келген шабуыл соққыларынан қорғау жаттығуларын өз ішіне қамтитыны туралы да айтып өтті.
Осыған дейін Ресей мен Қытай арасында ресми әскери одақтастық болып көрмеген. Осыдан бұрын сайтымызда Корей түбегіндегі АҚШ пен оның одақтастарының жасаған қадамдары Ресей мен Қытайдың әскери және саяси одақтастығын қалыптастыруы мүмкін деген болжамдар айтылған еді. Ресей мен Қытайдың Тынық мұхитта өткізіп отырған бұл әскери оқу-жаттығулары аталған болжамды растап отыр. Қытай-Ресейдің әскери одақтастығы АҚШ пен оның өңірдегі одақтастарына әскери жаттығулар арқылы жауап беріп отырғанын байқаймыз.