Сербия поездағы "Косово — бұл Сербия" деген жазудан кейін "Косовомен қарулы қақтығыс алдында тұр". Сербия президенті Томислав Николич этникалық сербтерге қоқан-лоққы жасалса, Косовоға әскер кіргіземіз деп сес көрсетті деп мәлімдеген. Бұл жөнінде Associated Press хабарлайды.
14 қаңтарда Сербия Белградтан Косовоға "Косово — бұл Сербия" деген 21 тілде жазуы бар, серб туының түсімен боялған поезды жіберген. Косово шекарашылары поезды тоқтатып, кері Сербияға қайтарған. Косово лидері Хашим Тачи мұны арандатушылық деп атады.
Сербия премьер-министрі Александр Вучич косоволық қауіпсіздік қызметін темір жолға мина қойып, поезд жүргізушісін тұтқындамақ болды деп айыптады. Косово билігі бұл айыптарды жоққа шығарады.
Бұрынғы сербиялық автономды аймақ Косово 2008 жылы тәуелсіздігін алған. Сербия болса Косовоны әлі күнге дейін өзіміздің аймақ деп есептейді.
centralasian.org















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес