АҚШ-та Техас университетінің ғалымдары қатерлі ісік жасушаларын 10 секундта анықтайтын құрылғы ойлап тапты. Сырт көрінісі қаламға ұқсайтын қалтаға сыйымды құрылғы қауіпті дертті уақытылы нақтылауға, ота жасауға пайдаланылуы мүмкін. Бұл туралы BBC ақпараттық агенттігі жазды.
Science Translational Medicine журналында жарияланған сынама қорытындылары құрылғының 96 пайыз жағдайда тиімділігін дәлелдеген. MasSpec Pen деп аталатын медициналық қалам күдікті жасушаның бетіне бір тамшы су жіберіп, сұйықтыққа жиналған жасуша ішіндегі бөгде заттарды қайта сорып алып, зерттеуге береді.
Медицина қызметкерлерінің айтуынша, қатерлі ісікті алып тастауға арналған оталардың қиындығы зақымданған және сау жасушаларды бір-бірінен ажырата алуда. Қатерлі ісік жайлаған жасушалардың бірі назардан тыс қалып қойса, дерт ағзада қайта таралуы мүмкін. Ал егер сау жасушаға дәрігердің құралы тиіп кетсе, ми сияқты бөліктердің отасы кезінде қиындық туындауы мүмкін. Ал жаңадан ойлап табылған құрылғы оталарды қауіпсіз, жылдам әрі нақты жасауға мүмкіндік береді.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы