Глазголық ғалымдардың зерттеуінің қорытындысына сәйкес, велосипед тебу жүрек-қан тамырлары аурулары мен қатерлі ісіктің пайда болу қатерін екі есе төмендететінгі белгілі болған.
Бес жылға созылған тәжірибеге 250 мыңнан астам адам қатысқан. Олар велосипедті күнделікті өмірде қатынас құралы ретінде пайдаланған. Тек арнайы спортзалдарда ғана емес қоғамдық көліктер мен автокөліктердің орнына велосипед тебу арқылы дененің физикалық қозғалысын арттырған.
Зерттеуге қатысушылар аптасына кемінде 48 шақырымды жүріп отырған.
Тіпті жұмысқа барар жолда да велосипедтерді пайдаланған.
Велосипедпен жүру - қатерлі ауруға шалдыққандардың арасындағы өлім санын екі есеге азайтты.
Зерттеу нәтижелеріне сәйкес ғалымдар мынадай қорытындыға келіп отыр: өлім дейгейі - 41 пайызға, қатерлі ісікке шалдығу қатері - 45 пайызға, ал жүрек-қан тамырлары ауруларының деңгейі - 46 пайызға төмендеген.
«The Qazaq Times»

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі