Мәжіліс депутаттары әкімдіктерден экологияға жауапкершілікпен қарауды өтінді.
"Қазақстанда күн сайын 100-ге жуық қатерлі ісік түрлері тіркеледі. Алматыда онкологиялық аурумен ауыратындардың саны арта түскен, тіпті 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылы өлім көрсеткіші 12,9 пайызға артқан. Әсіресе ракпен ауыратындардың көбі Қарағанды облысында және Өскеменде. Себебі мұнда металлургиялық зауыт, мырыш зауыты сынды ауыр өнеркәсіптік кәсіпорындар ағынды суларға көп мөлшерде фосфор аралас өнеркәсіптік қалдықтарды шығарады", - деді депутат Артур Платонов ҚР Премьер министріне қарата жолдаған сауалында.
Депутаттың мәліметінше, тау-кен өндіріс орындарында 1,5 млрд тоннадан аса өндірістік қалдықтар жиналған. Мысалы 476 полигонның 86-сы экологиялық және санитарлық стандарттарға сәйкес келмейді екен.
"Қоршаған ортадағы жағдайларға байланысы жергілікті атқарушы және өкілетті органдардың жауапкершілігін қатаңдату мәселесін қарастыру керек. Бұл мән беретін нәрсе, өйткені жергілікті бюджетті осы органдар қарастырады және тағы бір айта кетерлігі, жергілікті бюджет жобасы қаралған кезде неге екені экологиялық мәселелер маңызды емес деп есептеледі немесе мүлде назарға алынбайды", - деді депутат.
Осылайша депутат үкіметтен мемлекеттік органдарды және әкімдіктер арқылы экологиялық мәселелерді талдап тексеру үшін ведомствоаралық комиссия немесе жұмыс топтарын құруды сұрады.