Оңтүстік Кореяның стратегиялық бомбалаушы ұшағы сейсенбі күні елдегі артиллериялық атыс қаруына бомба тастау жаттығуын өткізді. Оған қоса, Құрама Штаттар мен Оңтүстік Корея кезекті мәселені шешу үшін Оңтүстік Кореяда «стратегиялық активтерді» кеңейту мәселесін талқылады. Бұл жедел әскери әрекеттердің бәрі де Солтүстік Кореяның Жапония кеңістігінен зымыран ұшыру ісіне қаратылып отыр. Бұл туралы АҚШ-тағы танымал «The Wall Street Journal» басылымы хабарлап отыр.

Оңтүстік Корея аталған әрекетті Солтүстік Кореяның кезекті зымыран сынағы өткізілген соң, бірнеше сағаттан кейін жүзеге асырды. Бұл Оңтүстік Корея президенті Мүн Жа-ин (Moon Jae-In) бұйрық берген «әскери күш қуатты көрсету» әрекетінің бір тармағы болып саналады. Осыдан бұрын Оңтүстік Кореяның қор нарығы КХДР баллистикалық зымыран сынақтарынан кейін құлдырай бастаған болатын.

Оңтүстік Корея президентінің мәлімдемешісі берген ақпаратқа қарағанда, АҚШ Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі МакМастер мен Оңтүстік Кореяның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Чунг Эйу-йон стратегиялық активтерді пайдалануды талқылаған. Дегенмен, хабарламада нақты қандай стратегиялық қорғаныс активтерін іске қосатындары туралы ашып айтпаған. Алайда, біз «стратегиялық активтер» сөзінің ядролық қаруға, суасты бомбалаушы кемелеріне, авиоматкаларға қаратыла айтылатынын анық білеміз.

Осымен бір уақытта, яғни, Кореяның жергілікті уақытымен сағат 09:20 мөлшерінде, Оңтүстік Корея төрт F15K жауынгерлік ұшағын жіберіп, артиллериялық нысандарды бомбалау жаттығуларын жасады. Оған қоса сол елдің қорғаныс күштері 800 шақырымдық жаңа баллистикалық зымыранды тексерістен өткізді. Оңтүстік Корея жауынгерлеріне баллистикалық зымыранды ату-сынау суреттерін көрсетті. Алайда, бұл суреттердің қай орында түсірілгені құпия болып қалды.

Бүгін түстен бұрын Оңтүстік Корея, АҚШ және Жапония ең жоғары лауазымдыларының телефонда сөйлесуі жиілеп кетті. АҚШ президенті мен Жапония премьер-министрі және Оңтүстік Корея СІМ басшысы мен АҚШ мемлекеттік хатшысы телефон арқылы сөйлесіп, үкіметтерін қарбалас күйге түсірді. Тараптар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне КХДР-ның соңғы ракеталық сынақ мәселесін тапсыруға келіскен.

“The Qazaq Times”