Ресей Приднестровьядан әскерін шығарудан бас тартты, деп хабарлайды Радио Свобода ақпарат көзі.
Ресей билігі Молдованың қыркүйек айында Нью-Йорк қаласында өтетін БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы отырысында Приднестровьядан Ресей әскерін шығаруға байланысты талқылау өткізу ұсынысынан бас тартты.
Молдованың бұл ұсынысына байланысты Ресейдің Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесіндегі тұрақты өкілі Василий Небензя: «Молдованың бұл ұсынысынан достық қарым-қатынастың иісіде шықпайды. Бұл біз үшін күтпеген ұсыныс» - деген.
Естеріңізге салайық, Молдова билігі мамырдың 2-сі күні Приднестровьяны «жаулап алынған аумақ» деп жариялап, ол жерде Ресей әскерінің болуы халықаралық заңдарға қайшы деген болатын.