Осы жылдың жарты жылдығында мұнай шикізатының экспорт бағасы өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 27,2 пайызға ұлғайған. Ал физикалық көлемі 3 пайызға артқан. Жалпы алғанда шикізат мұнайының экспорт көлемінің құны мен газ конденсатының көлемі 46 пайызға өскен. Energyprom.kz сараптама агенттігі осындай мәлімет келтіріп отыр.
Сонымен осы жылдың жартысында 12,8 млрд долларға 33,2 млн тонна шикізат мұнайы экспортталған, бұл Энергетика министрлігінің болжамының 51 пайызын құрайды. Ал мұнайды өндіру 10 пайызға артып, 42,6 млн тоннаны құраған.
Осылайша өндірілген мұнайдың 78 пайызы экспортқа жіберілген. Ішкі нарықта шикі мұнай көлемі 38 пайызға көбейіп, 9,4 млн тоннаны құрады. Сондай-ақ, ішкі нарықтағы баға экспортталатын мұнайға қарағанда 2,5 есеге төмен екен.
Экспортталатын мұнайдың 73 пайызы 5 еуропалық елге тасымалданады. Мысалы Италияға 4,3 млрд долларға (+45%), Нидерландыға 1,9 млрд долларға (+58%), Францияға 1,5 млрд долларовға (+83%), Швейцарияға 1,2 млрд долларға (+31%), Испанияға 0,6 млрд долларға (+10%) мұнай тасымалданған.
Мұнай шикізатының экспортталуы мемлекеттік бюджет үшін тиімді. Десек те елдегі жанармай отындарының қымбат болуы ішкі шикізат нарығының дұрыс қамтамасыз етілмейтінін көрсетеді.