АҚШ армиясының Ауғанстанда орналасқан штабы: «АҚШ әскерилері мен Талибан арасында өткен қараша айында Құндыз облысында орын алған қақтығыс туралы тексерістер америкалық әскерилердің Ауғанстан халқының үйлеріне оқ жаудырғанын көрсетті»,-деп хабарлады.
Кейбір ақпарат көздері «АҚШ күштерінің әуе шабуылынан Құндыз облысындағы бір ауылда қарапайым адамдар қаза болды» деп уәж айтқан соң тексеріс басталды. Осы атыс салдарынан 33 қарапайым адам қаза тауып, 27 адам жараланды. АҚШ армиясының Ауғанстандағы штабы тарапынан жүргізілген тексеріс америкалық әскерилердің өткен жылғы қарашаның екісі күні жасаған шабуылында қаза болғандар мен жараланғандар бұрын айтылған әуе шабуылдарынан емес, бұл әскерилердің Құндыздағы тұрғындардың үйлеріне тікелей оқ жаудыруы салдарынан орын алғанын көрсетті. Америкалық әскерилер осы шабуылда қарапайым адамдарды өлтіргеннен кейін Ауғанстанның астанасы Кабулда жүздеген адам АҚШ армиясының халықты қырып-жоюы мен бейбастақ әрекеттеріне қарсы шеру өткізді. 2015 жылдың қазан айында АҚШ армиясы әуе күштерінің Құндыз қаласындағы шекарасыз дәрігерлер ауруханасына жасаған шабуылында кемінде 30 адам қаза болып, ондаған адам жараланған жағдайда АҚШ-тың осы қылмысы орын алып отыр. 2014 жылдың аяғында Ауғанстанда шетелдік күштердің әскери миссиясы аяқталған соң АҚШ пен НАТО тек Кабул үкіметінің ресми өтінішімен ғана Ауғанстан армиясына әуеден қолдау көрсету мақсатында әуе амалдарын атқаруға міндеттеме алған жағдайда АҚШ армиясы Ауғанстанның әртүрлі облыстарындағы, соның ішінде Құндыз облысындағы тұрғын аудандарға шабуылдар жасады. АҚШ армиясының Ауғанстанда орналасқан штабы тарапынан америкалық әскерилердің тікелей оқ жаудыруы салдарынан Құндыз облысында қарапайым адамдардың өлтірілгенінің мойындалуы – Вашингтонның Ауғанстанда Талибанға қарсы әскери амалдарға араласпау туралы міндеттемесін тағы да бұзғанының бір дәлелі. АҚШ 2015 жылдың басынан бастап тек Кабул үкіметінің ресми өтінішімен Ауғанстан армиясының лаңкестікке қарсы амалдарына әуеден қолдау көрсетіп, Талибан мен басқа да экстремистік топтармен тікелей қақтығысудан бас тартуға уәде берген болатын.
Ауғанстанда соғыс жүргізген 15 жылдың ішінде Вашингтон өз әскерилерінің Ауғанстандағы қылмыстарын заңмен қудаламаған жағдайда АҚШ армиясы өткен қараша айында Құндыз халқының қырылуында америкалық әскерилердің тікелей оқ жаудыруының қатысы барын мойындап отыр. Сол себепті және америкалық әскерилердің Ауғанстандағы қылмыстар санының артуына байланысты осыдан бұрын Халықаралық қылмыстық сот осы әскерилердің Ауғанстандағы қылмыстары туралы тексерістің басталғанын хабарлады. Алайда бұл Ақ үйдің қатаң реакциясына ұшырады. Халықаралық қылмыстық сот Ауғанстандағы әскери қылмыстар туралы кең түрде тексеріс жүргізетіні туралы уәдесін орындаса, шетелдік күштердің, әсіресе америкалық әскерилердің қорқынышты қылмыстарының қырлары әлемнің қоғамдық пікіріне одан ары ашыла түсетін болады. Америкалық әскерилер Ауғанстандағы соғыс жылдары ондаған соғыс қылмысын жасады. Соның ішінде «Қандағар қырғыны» деген атпен танымал қылмыстық істе 2012 жылдың наурыз айының он бірі күні таңертең Қандағар облысының Панджвай ауданында Роберт Билс есімді бір америкалық сарбаз 18 қарапайым ауғандықты тікелей оқ атып өлтіріп, олардың денелерін өртеп жіберген болатын. – деп жариялады «Фарс» ақпарт агенттігі.
"The Qazaq Times"