Биткоинның құны 4 400 долларға дейін жетті. 14 тамыз күні ең жоғарғы деңгейге көтеріліп, биткоинды капиталдандыру 70,8 млрд долларға дейін жеткен. Ал Yahoo Finance мәліметіне сенсек, PayPal-дың нарықтық капиталдануы 70,18 млрд долларға бағаланған.
Сарапшылардың мәліметінше, криптовалютаға сұраныс институционалдық инвесторлар тарапынан болатын сұраныс есебінен артып отыр. Ал кейбір сарапшылар "алдағы уақытта орталық банктер биткоинды резерв ретінде пайдаланады" деген пікір айтады.
Ал нарықтағы жағдай күн өткен сайын өзгеріп жатыр, адамдардың көпшілігі криптовалютаға ауыса бастаған. Сондықтан мұны да есепке алу керек. Бұдан бұрын Goldman Sachs инвестициялық банкі биткоинге қатысты баға болжамын 4 800 долларға дейін арттырған.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда арнайы жұмыс тобы криптовалюта транзакцияларын реттейтін заң жобасын әзірлеп жатқаны хабарланған болатын. Жұмыс тобына "Астана" халықаралық қаржы орталығы, "Делойт", Waves, Juscutum және "Кесарев Консалтинг" сынды ұйымдар кіреді. Бұл компаниялар тек құқықтық құжат дайындап қана қоймай, болкчейн технологиялар мен криптовалютаны қолданатын платформаларды және блокчейн жобаларын құруға ниетті.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес