Ирак үкімет армиясы АҚШ басқаруындағы ДАИШ-ке қарсы күрес коалициясы бірлесе отырып, Ирактағы ДАИШ террорлық күштерін аластау операциясының соңғы бағалауы бір күн бұрын болып өтті. Өткен жылдың қазан айында басталған Мосул қаласын азат ету шайқасы маусым айына дейін сұрапыл соғыс үстінде жалғасты. Қазіргі кезде Мосул қаласы Ирак үкіметінің бақылауына толықтай өтіп болды деуге болады. Ендігі мақсаттары солтүстік шығыстағы Талль-Афарды лаңкестерден тазарту болып отыр.
АҚШ-тың CNN арнасы, Ирактың ақпараттық арналары сондай-ақ, «Түрік Теле-Радио» қызметінің ресми сайттарында берілген ақпараттарға қарағанда, Пентагонда осыған дейінгі және алдағы ДАИШ ұйымына қарсы күрес операцияларына бағалау отырысы болып өткен. ДАИШ-ке қарсы күрес коалициясының мәлімдемешісі Райн Диллонның айтуынша Талль-Афарды лаңкестерден тазарту аса қиындық туғызады екен.
Арнаулы коалицияның мәліметіне қарағанда Талль-Афар маңында ДАИШ содырларынан 2 мың адам бар болып, шашыраңқы бекініс құрған. Бұл ДАИШ ұйымының Ирактағы соңғы бекінісі саналатындықтан, елдегі барлық ДАИШ күштері Талль-Афарды сақтап қалуға не бір қанқұйлы әрекеттерге баруда. Үкімет әскерилеріне жарылғыш тиелген көліктермен шабуылдау әр аптаның өзінде бірнеше рет туылуда.
Ал, террорлық ұйымнан тазартылған Мосулдағы жағдай біршама дұрысталып келеді. Қазір ДАИШ-тың Раккадағы күштері де әлсіреген, сонымен бірге табыс көздері кесіліп, байланыс-тасымал жолдары жабылған. Осыдан бұрын Ирак Қорғаныс өкілі «ДАИШ-тың Ирактағы күні санаулы ғана қалды» деп мәлімдеме таратқан болатын.