Солтүстік Кореяның сынақтан өткізіп жатқан зымырандарының барлығы ресейлік зымырандар - деп жазады Неміс толқыны ақпарат агенттігі.
Соңғы уақытта әлем назарын өзіне аудартқан Солтүстік Корея мен АҚШ текетіресі және КХДР зымыран сынақтары жайында Германияның Мюнхен техникалық университетінің профессоры, инженер-зымыран құрастырушы Роберт Шмукер Неміс толқынына берген сұхбатында:
«АҚШ пен Солтүстік Кореяның бір-біріне жасап отырғандарының барлығы далбаса. Екеуіде ядролық қару қолдануға бармайды. Бұның барлығы саяси ойын. Ал КХДР-ның шілде айының соңында ұшырған «Хвосон-14» құрлықаралық зымыранына келетін болсақ. Біз оны зерттеп көрдік біздің есебіміз бойынша, 1 тонна салмағы бар зымыран ұзағанда 5200 шақырымға ұша алады екен. Ол ұзақ қашықтыққа ұшса ұшатын шығар. Бірақ «Хвосон-14» құрлықаралық зымыран емес. Жалпы 1984 жылдан бері Солтүстук Корея зымырандарының бірде бірі белгілі бір нысанаға бағытталып ұшырылған емес. Осы уақытқа дейін Солтүстік Корея зымыран сынақтарының демо нұсқасын өткізіп келді. Оның үстіне олар ұшырған зымырандардың барлығы кеңестер одағынан қалған ескі зымырандар болды. Пиоңяңның (Пхеньяның) 2016 жылға дейін ұшырып келген зымырандарының барлығы кеңестер одағының «SCUD», «Нодон» және «Точка» зымырандары. Ал соңғы 14 айда сынақтан өткізіп жатқан ракеталары «SCUD» зымырандарының санатына жатпайды. Бірақ барлық сынақтан өткен зымырандардың қозғалтқыштары ресейлік технологиямен жасалған. Бұл дегеніміз Солтүстік Корея зымырандарды өздері жасамайды, тек құрастырады деген сөз. Бұлай дейтін себебім зымыранды жасап шығу үшін қыруар қаржы мен уақыт керек. Оның үстіне жасап шыққан зымырандарыңның барлығы сынақтан сәтті өте беру деген зымыран құрастыру тарихында болмаған жағдай. Мен ешқандай елдің билігін кінәлағым келмейді. Бірақ Солтүстік Кореяға ресейлік зымыран бөлшектерін не Ресейдің өзі немесе бұрынғы кеңестер одағының құрамында болған елдер жеткізіп отыр» - деген.
Бұдан бөлек Роберт Шмукер Солтүстік Кореяның АҚШ-тың әскери базасы орналасқан Гуам аралын атқылаймын деген мәлімдемесіне: «Кезінде Ливия басшысы Каддафиде Жерорта теңізіндегі Италия аралын атқыламақ болған. Бірақ онысынан түк шыққан жоқ. Себебі зымыранды ату бар да, оны нысанға тигізу бар. Осыдан ақ нысананы көздеудің қандай қиын екендігін аңғаруға болады» - деген.