Сүрияның оңтүстігіндегі Ресей әскери күштері сол өңірдегі Израиль қарулы күштеріне соғысты тоқтату туралы ескерту жасады. Әрі, жанжалды тоқтатпаған жағдайда Ресей қарымта жауабын қайтаратынын да ескертті. Бұл туралы «Парс.Ақпарат/Pars agency» хабарлап отыр.
Сүрияның оңтүстік өңіріндегі Ресей әскери бақылау күштері қолбасшысының орынбасары Алексей Кузин ескертуінде былай деді: «Тель-Авив Сүрияға шабуыл жоспары мен ниетін бірден тоқтатуы керек. Есесіне, өңірдегі атысты тоқтату бітімін қатаң сақтауы тиіс. Егер Израиль келісімді бұзып, шабуыл бастайтын болса, онда Ресей жақ келісімді қорғаушы ретінде Израильге қатаң жауап қайтарады», – деді.
АҚШ пен Ресей арасында жасалған «Сүрияның оңтүстігі туралы келісім» Израильдің алаңдаушылығын тудырып отыр. Себебі, Ресей қарулы күштері Сүрияның оңтүстігін бақылауға алар болса, үкіметке қарсы топтардың қарулы күштері Израиль шекарасынан алыстайды деп күткен болатын. Алайда, қарсы топтар әлі де сол өңірден қозғалмаған. Бұл Израиль үкіметін алаңдатып, Сүрияның оңтүстігіне өз елінің қауіпсіздігін сылтау етіп, соғыс қозғағалы отырғандарын айтқан еді. Бірақ, бұған Ресей қатаң ескерту жауабын берді.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер