Қазақстанда жыл басынан бері негізі тұтынушылық тауарлардың бағасы 3,8%.-ға қымбатаған. Мұндай мәліметтерді Ranking.kz сараптама агенттігі келтіріп отыр.
Агенттіктің мәліметінше, алдымен ең жоғарғы баға азық-түлік тауарларына көтерілген. Яғни азық-түлік өнімдерінің бағасы 2017 жылдың 7 айында 4,6%-ға жоғарылаған. Ал азық-түлік емес бағалар 3,5%-ға, ақылы қызметтер бағасы 3,3%-ға жоғарылаған.
Өткен жылдың қаңтар-шілде айымен салыстырғанда осы жылы инфляция деңгейінің өсімі біраз жылдам болып отыр.
Осы жылы тауарлар мен қызметтерга арналған ең қымбат баға Павлодар облысында тіркелген. Бұл облыста бағаның өсуі 2016 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда өсім 5,2%-ды құрады.
Екінші орында Солтүстік Қазақстан облысы. Бұл өңірде инфляция 5,1%-ды құрады. Шілде айында Солтүстік Қазақстанда тұтынушылық тауарлар мен қызметтер бағасы жыл басына қарағанда 4,9%-ға қымбат болған.
Азық-түлік секторы бойынша ең жоғарғы өсім Астана қаласында тіркелді (6,4%). Павлодар облысында азық-түлік бағасы 5,7%-ға көтерілген. Ал Атырау және Қарағанды обылсытарында тамақ өнімдерінің инфляциясы 5,6%-ды құрады.
Азық-түлік емес тауарлардың қымбат бағасы Атырау облысында 4,3%-ға, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында 4%-ды құрады.
Ақылы қызмет бағасы осы жылы Солтүстік Қазақстан облысында 6,7%-ға көтерілген. Бұл өңірлер арасында ақылы қызмет бойынша ең жоғарғы инфляция көрсеткіші болып отыр.