АҚШ вице-президенті Майк Пенс Солтүстік Корея ядролық бағдарламасын ауыздықтау үшін елдің ең жоғары басшысы Ким Жоң Унмен (Kim Jong Un) тікелей диалог өткізу идеясын қабылдамады. Ол АҚШ бірінші кезекте экономикалық және дипломатиялық қысым көрсетуге ұмтылады деді. Бұл туралы «The Wall Street Journal» басылымы хабарлайды.
Майк Пенстің айтуынша, АҚШ Солтүстік Кореямен тікелей келіссөзге келмейді. Ядролық бағдарламасын тізгіндеу үшін ең алдығы шара қысымды арттыру деп қарайды. Оған қосымша Қытайдың рөлінде көбірек пайдаланбақ. АҚШ вице-президенті сөзінде: «АҚШ әскери күш қолдану мүмкіндігін жоққа шығармайды. Біз барлық параметрлерді қарастырып отырмыз», – деді.
Майк Пенс Эстония, Грузия және Черногория елдеріне АҚШ әуе күштерінің ұшағымен сапарлап қайтқанда осындай шешім жасаса керек. Трамп та Солтүстік Кореяны экономикалық және дипломатиялық оқшаулауды айтып келеді. Алайда, Трамп ең бірінші Қытай арқылы КХДР билігін келісімге шақыруды насихаттайды. Трамп үкіметі үшін санкция салу ең басты құрал. Алайда оның жағдайды дұрыс жаққа бұруға кері әсері көбірек тигелі тұр.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер