Иранның бұрынғы президенті Ахмадинежадқа жеті бірдей айып тағылып, қылмыстық іс қозғалды. 30 шілде күні Иранның жоғары сот мүшелерінің бірі хабарлама жариялап, Ахмадинежад президенттік өкілеттік мерзімінде мемлекеттік қаржыны орынсыз пайдаланылғаны туралы 7 түрлі қылмыстық іс қозғалды деп мәлімдеді. Бұл туралы «Шинлаң» сайты «Парс.Ақпаратқа» сілтеме жасай отырып жазды.
Иранның Жоғарғы аудит соты прокуроры Фаязи жергілікті БАҚ құралдарына берген хабарында, Ахмадинежад президент болып тұрған кезінде миллиардтаған үкімет қаржысын заңсыз пайдаланған деп айыптады. Оның айтуынша, президенттігінің екінші өкілетті мерзімі кезінде (2009-2013 жылдары) 2 млрд АҚШ доллары көлемінде қаржыны заңсыз пайдаланған. Жоғары аудит сотының шешімінде айтылған заңсыз пайдаланған қаржы мөлшерін қайтаруға Ахмадинежадтың жекелік мал-мүлкі мүлде жеткіліксіз екенін де айтып өтті. Фаязи сөзінде: «Ахмадинежад заңсыз пайдаланған қаржының мөлшері тым көп болғандықтан, оны қалпына келтіру мүмкін емес»,– деді. Дегенмен ол сот шешіміндегі қаржыны орнына келтіре алмаса, Ахмединежад қандай жазаға ұшырауы мүмкін екені ашып айтпады.
Белгілі болғандай Иран Жоғары аудит соты бұрынғы президентке жаза кесе ме, әлде сол кездегі үкіметті айыпты деп санай ма ол жағы әлі де анық емес. Анығы, Иранды былай қойғанда әлемдік саяси аренада аты мәшһүр Ахмадинежадтың басына қара бұлт үйіріліп тұр. Осыдан бұрын Иранның рухани көсемі жағынан оның қайталай президент сайлауына қатысу мүмкіндігі алынып тасталған болатын.