Монғолияда «Ханды іздеу-2017» халықаралық әскери оқу-жаттығу жұмыстары өтуде, деп хабарлайды ARD ақпарат көзі.
Монғолия мен АҚШ қарулы күштерінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан әскери оқу-жаттығу жұмыстарына 28 елден келген 1100 сарбаз қатысуда. Оқу-жаттығу жұмыстары Монғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласының жанындағы «Таван Толгой» әскери полигонында өтуде.
Биылғы оқу-жаттығу жұмыстарында қарулы шабулдарға қарсы тұрумен қатар, кибершабулдардың да алдын алу жұмыстарының дайындығы пысықталуда.
Естеріңізге салайық, шілденің 21 күні Халмаагийн Батулганың президент болып сайланғынының құрметіне әскери шеру болып өткен болатын.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі