«Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымы келесі соғыс ошағын Ливия аумағында тұтандыруы мүмкін.
Соңғы уақытта Сүрия мен Ирак аумағында өз позицияларын жоғалтып жатқан «Ислам мемлекеті» содырлары қазіргі таңда Ливия мен Тунис шекаралық аумағында белсенділік таныта бастады.
Ливия әскерилерінің мәліметінше, «Ислам мемлекеті» ұйымының содырлары ел аумағына 2013 жылы келген. Алғашында «Ислам мемлекеті» ұйымының әскери базалары елдің шығысында яғни Мысыр шекарасына жақын жерде болған. Қазір олар Туниспен шекаралас аудандарға ауыса бастаған. Бұған басты себеп Ливия аумағында жүрген «Ислам мемлекеті» содырларының басым көпшілігі Тунис елінің азаматтары.
Fox News телеарнасының хабарлауынша, Ливия аумағында «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының 500-ге жуық содыры бар. Ал Ливия ұлттық әскерінің полковнигі Ахмед Альмесмаридің айтуынша, олардың саны 10 есе көп болуы мүмкін.
Шетелдік сарапшыларының сөзінше, «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымы Сүрия мен Иракта жеңіліс тапқаннан кейін, Ливия аумағында қайта күш алуына бей-жай қарауға болмайды.


















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр