АҚШ пен Иранның әскери кемелері Парсы шығанағында тағы кездесіп қалды. Иран әскери күштері берген мәліметінде АҚШ кемелерінің әрекеті арандатушылық деп бағалаған. Бұл туралы сол елдің «Парс.Ақпарат» агенттігі өз сайтында жазды.
Естеріңізде болса, өткен аптада Иран патрульдік қайықтары мен АҚШ әскери кемесі кездесіп, АҚШ кемесінен ескерту оғы атылған болатын. Апта соңына жетпей, екі елдің кемелері тағы кездесіп қалды. Бұл жолы ескерту оғы атылмағанымен, АҚШ кемесі Иран әскери қайықтарына ескерту ретінде күшті жарық түсірді.
Иран революциясының Сақшылар корпусы теңіз күштеріне қарасты «Зулфахар» флоты берген мәліметте АҚШ кемелері ескертуіне қарамастан Иран шарлаушы қайықтары өзіне тиесілі су үстінде шарлау қызметін соңына дейін жалғастырды. Соңында, АҚШ-тың ауыр су үсті соғыс кемелері Парсы шығанағының солтүстігінен кетіп қалды делінген.