29 шілденің таңа атпай жатып, Оңтүстік Корея президенті Мүн Жа-Ин Ұлттық қауіпсіздік кеңсесінде шұғыл отырыс өткізді. Жиналыста ол Оңтүстік Корея-АҚШ арасындағы стратегиялық тежеу бағдарламаларды нығайтуды жеделдету туралы тапсырма берді. Бұл «Сад» зымыранға қарсы жүйесінің, зымыран қондырғылы 4 көлігін орналастыруды да өз ішіне қамтиды. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық агенттігі хабарлады.
«Сад» зымыранға қарсы жүйесі 6 зымыран қондырғылы көліктен құралады. Сондай-ақ, радиолокациялық жүйелерді де қамтиды. Биыл наурыздың бас шенінде зымыран қондырғылы көліктердің екеуі Оңтүстік Кореяға жеткізілген.
«Сад» жүйесін орнату Қытайдың қарсылығына ұшырап келе жатқан, Қытай-Корея арасындағы басты қайшылықтың бірі. Дегенмен, Солтүстік Кореяның зымыран сынақтары жиілеген сайын, АҚШ пен Оңтүстік Корея «Сад» жүйесін орнатуды қажет деп табады. Бұл қайшылық Корей түбегіндегі және Солтүстік Шығыс Азиядағы бітпес даудың бір ұшы.
Қытай СІМ-нің бірінші маусымда жариялаған хабарында, АҚШ-тың «Сад» жүйесін орналастыруы, Қытайдың стратегиялық қауіпсіздігіне ауыр зиян келтіріп, аймақтағы стратегиялық тепе-теңдікке нұқсан жеткізеді; аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікке қатер төндіреді деген болатын. Сонымен бірге, бұл жүйе орналастырылса, аймақтағы қайшылықты келіссөздер арқылы шешу қиынға соғады деп қарайды. Міне осындай уәждерін айтып, ресми Бейжің «Сад» жүйесін маңына жолатқысы келмеген.
Оңтүстік Корея президентінің шұғыл түрде өткізген қауіпсіздік кеңесінде, «Сад» қайталай ауызға алынып, АҚШ-Корея арасындағы стратегиялық қорғану бағдарламаларын нығайту керектігін алға тартса, Қытай-Корея арасы тағы да алыстай түспек.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер