Қырғызстан Республикасының тұңғыш президенті Асқар Ақаевтың күйеу баласы қазақстандық кәсіпкер Әділ Тойғанбаев сотталды.
Қырғызстан соты оны 2005 жылдары ел аумағында алаяқтықпен, монополиялық жолдармен бәсекелестікке кедергі жасау және салықтан жалтару баптары бойынша, сырттай 20 жылға бас бостандығынан айырды.
Қырғызстан құқық қорғау органдарының хабарлауынша, Тойғанбаев 1998 жылы өзінің заңға қайшы істерді жасап жүргенін біле тұра, сондай қадамдарға барған. Ол 2005 жылы Интерпол арқылы халықаралық іздеуге берілген. Әділ Тойғанбаев 2014 жылы Алматыда, 2014 жылы Мәскеуде, 2016 Дубайда ұсталған. Бірақ Қырғызстан билігінің оны елге экстрадициялауға күші жетпеген.
Әділ Тойғанбаев Қырғызстан сотының шешімі жайында: «Экономикалық қылмыс жасағаным үшін 20 жыл беру ақылға сыймайды. Ал 12 жыл бұрын болған істі қайта қарап шешім шығару Қырғызстан сотының сандырағы. Бүкіл әлем бойынша қылмыстық іс 7 жылдан кейін қайта қаралмайды. Бұл іс белгісіз бір адамның «мені 2005 жылы Асқар Ақаевтың күйеу баласы ретінде Қырғызстан экономикасын басқарды » деген сөзі бойынша қозғалған» - деді.