Жасыл энергетика саласындағы қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін Қазақстанға шамамен 170 млрд доллар қажет. Бұл туралы Астанада өткен Energy Investment Forum 2017-де коста-рикалық Nivela TBC компаниясының негізін қалаушы Моника Арайя мәлімдеді.
Оның сөзінше, елдің климаттық талаптары жасыл энергетика саясатының қолданылуын аса қанағаттандыра қоймайды. Сондықтан кейбір стратегияларды қарауға тура келеді.
"Мемлекет мұндай қаражатты бере алмайды. Осы себепті энергетикаға жеке инвестиция тартылу керек. Дегенмен басты мәселе оның қалай орындалатынында болып отыр", - деді форум спикері.
Оның сөзінше, Қазақстан көмір шикізаты нарығынан шығу қажет, себебі бұл нарық өңірлерде өз позициясын толық орындады.
"Қазіргі кезде сіздерге инвестицияның жаңа циклын құру қажет... Меніңше мысалы электрмобильге айналған теміржолдар тарихы өте қызық болады. Ал бұл желіні дамыту үшін көп қаражат керек (2030 жылға қарай 38 млрд доллар, 2020 жылы 10 млрд доллар). Ал егер жоба болса оны жүзеге асыра берген жөн", - деді ол.
Сондай-ақ, ол Қазақстандағы мұндай жаңғырту жұмыстары халықпен ақылдасу арқылы әртараптандырылу керек екенін атап өтті.