Дональд Трамп АҚШ Президенті қызметінде болған жарты жылдың ішінде, оның қолдаушыларының саны Америкада соңғы 70 жылда мемлекет басшысы болған азаматтармен салыстырғанда ең төменгі көрсеткішке ие. Бұл туралы ABC News және The Washington Post бірлесіп жүргізген сауалнама нәтижесінде белгілі болды.
Сауалнама қорытындысына сәйкес, Дональд Трамптың қызметіне көңілі толатындар 36 пайызды құраса, оның Президенттіктен кеткенін қалайтындардың үлесі - 58 пайыз.
Салыстырмалы түрде, Барак Обама мен Джорд Буштың алғашқы жартыжылдықтағы рейтингі 60 пайызды құраған.
Сондай-ақ сұралғандардың 60 пайызы АҚШ-та өткен Президент сайлауына Ресей астыртын араласқан деп есептесе, респонденттердің 67 пайызы Дональд Трамп сайлау қорытындыларын өзгертуге Ресейге көмектескен деп санайды.