Қытай Орталық телевизиясының бүгінгі хабарында, Солтүстік Кореяның 4 маусым күні «Марс-14» атты зымыранын ұшырғаны туралы айтылды. Сонымен бірге, осы әрекетке қарата Қытайдың Сыртқы істер министрлігінің мәлімдешісі Гың Шуаң баспасөз жиналысында Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік келісімшарттарын бұзып, ешбір елдің ескертуін елеп-ескермей өз бетінше көп рет зымырандар сынағын жасаған Солтүстік Корея билігін сынға алды.
Гың Шуаң сөзінде: «Қытай үкіметі түбек мәселесі жайлы ежелден бері ұстанып келе жатқан пікірінен ауытқымайды. Біз Солтүстік Кореяның БҰҰ Қауіпсіздік келісімшарттарын бұзғанын айыптаймыз, әрі, қатаң ескертеміз. Сондай-ақ, күннен-күнге ушығып келе жатқан Корея түбегі мәселесін одан ары шиеленістірмей, әр елдің сабыр сақтап, бейбіт келісімдер арқылы кеңесуін үміт етеміз» - деді.
Іргелес елдер ғана емес, жасыл шардағы көптеген мемлекеттерді алаңдатып отырған Корея түбегі мәселесі шешім таппағанына ширек ғасыр өтті. Қайшылықтың шешім табуынан үміт оты көрінсе, зымырандарын сынаққа алып шығатын Ким әулетінің тәуекелшілдігінен төрт төңірек тіксініп отыр.
Әділет Ахметұлы


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі