Жексенбі күні АҚШ Теңіз күштері Оңтүстік Қытай теңізіндегі (Қытайда Оңтүстік теңіз деп аталады, ағл. South China Sea) Қытай теңіз күштері бақылауындағы бір арал маңында байырқалай өтті. Бұл АҚШ Теңіз армия күштерінің алты апта ішінде екінші рет Оңтүстік Қытай теңізінде әрекет жасауы болып табылады. Қытай үкіметі АҚШ Теңіз күштерінің Оңтүстік Қытай теңізіндегі әрекетіне наразылық білдіріп отыр. Ол онсызда салқындай түскен Қытай-АҚШ қатынасының салмағын ауырлатты.
Әлемдік танымал басылым «The Wall Street Journal» басылымының хабарлауынша, АҚШ ресми өкілдері жексенбі күні «USS Stethem» деп аталатын зымыран қондырғылы жойғыш кемелерін Оңтүстік Қытай теңізіндегі Парасел (Paracel) аралдары маңына жібергенін мәлімдеген. АҚШ-тың бұл су күштері аталған аралдан 12 теңіз миль қашықтықта болатынын мәлімдеген. Әрі бұл әрекетін теңіз шарлау дербес әрекеті деп түсіндірген. Сондай-ақ, АҚШ-қа жеткен шағымдардың жауабы ретінде аталған теңіз аумағында жүргізген барлау әрекеті болып саналады.
АҚШ Теңіз күштерінің бұл қатарлы әрекеті әдетте бірнеше аптаға дейін жаласады, тіпті ұзаққа жоспарлағанда бірнеше айға дейін созылады. Уашнгтон ресми өкілдерінің мәліметінде бұл соңғы кездегі АҚШ үкіметі қабылдаған шешімдермен тікелей қатысы жоқ екен. Яғни, олардың сөзі бұл Қытайға бағыттаған арнаулы әрекет емес дегенді білдіреді.
Дегенмен, екі ел басшыларының алдағы кездесуінде АҚШ-тың Оңтүстік Қытай теңізіндегі әскери әрекеттері де Қытай басшысы жағынан ортаға салынуы бек мүмкін дейді әлемдік басылым.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер