АҚШ жергілікті уақытымен 30 маусым түстен бұрын (Астана уақытымен 1 маусым), сол елде сапарлай барған Оңтүстік Корея президенті Мүн Жа-Ин, зымыранға қарсы «Сад» жүйесін орнату шешімі Қытаймен жеткілікті консультациялар жүргізуге жарамайтынын ашық мойындады. Ол тағы Оңтүстік Корея тарабы Қытайдың «Сад» жүйесі туралы білдірген наразылығын толықтай түсінетінін жеткізді. Аталған мәселеде Бейжіңмен келіссөздер жүргізуге үміткер екенін де айтып өтті. Бұл туралы қытайлық «Шинлаң» ақпарат агенттігінің ресми сайты хабарлап отыр.
Ресей «Спутниктік» агенттігінің хабарлауынша, Мүн Жа-Ин АҚШ-тың Стратегиялық және халықаралық зерттеу орталығында сөйлеген сөзінде: « Шынында, біз жүйені орналастыру шешімін жариялаудан бұрын, осы мәселе бойынша, Оңтүстік Корея үкіметі мен Қытай Халық Республикасы арасында жеткілікті дипломатиялық талқылау алып барылған жоқ», – деді. Ол және Қытаймен алдағы уақытта «Сад» жүйесі мәселесінде кеңейтілген кездесу отырысын өткізетіндерін де жеткізді.
«Сад» жүйесінің, шын мәнісінде, нәтижесі көрнекті қорғаныс құралы болғанымен, қоршаған ортаға және өңірдің қауіпсіздігі мен орнықтылығына тигізетін ықпалы толық ойластырылмаған. АҚШ Оңтүстік Кореяда жүйені орналастыру шешімін жариялағаннан тартып, Қытай жағы бұған түбегейлі қарсылық танытып келеді. Себебі, бұл жүйе Солтүстік Кореядан ұшатын зымырандармен қоса, Қытайдың 5/3 бөлігіндегі территориядан көтерілетін барлық зымырандарды атып құлатуға қабілетті. Сондықтан, Қытай өз құқығын қорғау мақсатында «Сад» жүйесінің іргесіне келіп орнай қалуын қаламайды. Бұл былтырғы жыл соңынан бері Қытай мен АҚШ, Қытай-Оңтүстік Корея, сондай-ақ, Солтүстік Шығыс Азия қайшылығының маңызды бір буыны болып келген болатын.
Корея үкіметі «Сад» жүйесін орнатуды қайта қарауға ұсыну арқылы, АҚШ-тан келетін қысымды азайтты. Енді бір жағынан Қытайдың салқын қабағын жадыратты. Корея президенті бұл жолғы АҚШ сапарында Трампқа да, Қытайға да ұнамды ұстаныммен екі алып биге шықты деуге болады.