Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары
Алик Шпекбаев көліктік бақылау саласында сыбайлас жемқорлықтың көбейгенін мәлімдедіғ деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі. 

Оның сөзінше, мұндай қылмыстың өсуіне жәнене тез бүлінетін жүктерді тасымалдайтын автокөліктің тоқтап қалуынан келетін шығындарды жабу үшін  жүргізушілердің пара беруі әсер етіп отыр және бұл берілетін пара әсер әлдеқайда жоғары болған.

"Осылайша, 2016 жылы сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша 25, ағымдағы жылдың басынан 16 қылмыстық іс қозғалды.Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде 1 111 бұзушылықтар анықталып, олардың ішінде 76 % қарастырылмаған құжаттарды талап етуіне келеді"- делінген баспасөз қабарламасында.

Сондай-ақ, жүйелі жүзеге асқан сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің мынадай түрлері анықталды:

  • Жүргізушілермен қарым-қатынас кезінде көліктік инспекция қызметкерлерінің тәртібін нормативтік реттелмегені;
  • Арнайы автоматтандырылған өлшеу жүйесінің істен шығуы;
  • Инспекторлардың кең дискрециялық құзыреттері.

“The Qazaq Times”