Израиль армиясының мәлімдемешісі Овайи Одрайи Газа секторына соғыс ұшақтарымен шабуылдағанын мәлімдеді. Оның айтысынша Газадан Израильге қарата зымыран атылған. Соған жауап ретінде әскери ұшақтарын Газаның батысы мен Рафахтың солтүстігіндегі Хамастың әскерилері орналасқан аумаққа аттандырған. Бұл туралы «Түрік Теле-Радио» қызметінің ресми сайты хабарлап отыр.
Овайи Одрайидың мәліметінде, Хамастың Газа секторын бақылауға ұстап отырғанын атай келіп, бұл аумақтан Израильге жасалған түрлі шабуылдарға Хамастың жауапты екенін ескертіп өтті.
Ал Газадағы лауазымдылардың берген мәліметінде Израильдің әуе шабуылынан тек қана материалдық шығындардың болғанын, адам шығыны болмағаны белгілі болды.
Хамастың мәлімдемешісі: «Израильдің алға тартып отырған зымыранның атылуы, олардың көтеріліске тиесілі нысандарды атып, дағдарысты күрделілендіру үшін керек болып отыр. Бұл олардың баршаға аян жаңа бір қауіпті ойыны», – деді.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы