2017 жылдың 1 тоқсанында микроқаржы ұйымдары арқылы 92,9 млрд теңгені құрайтын 123,6 мың қарыз берілген. Бұл туралы статистика комитеті хабарлап отыр.
Жалпы берілген қарыздардың ішінде 48,7% (45,2 млрд теңге) ұзақ мерзімді кредит болса, 51,3%-ы (47,6 млрд теңге) - қысқамерзімді.
Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша, 2017 жылдың 1 тоқсанында микрокредит беру қызметімен 1,1 мың ұйым айналысқан.
Жеке тұлғаларға 48,2 млрд теңге шамасында қарыз берілсе, оның 42,9%-ы тұтынушылық мақсатта, ал 57,1%-ы кәсіпкерлікті дамытуға жұмсалған.
Сондай-ақ, заңды тұлғалар да кредит алмай қалған жоқ. Олар 44,7 млрд теңге көлемінде қарыз алып, оның 2,4%-ы негізгі қаражатты алу үшін жұмсалған.
Ең көп қарыз алған өңірлер әдеттегідей Алматы (республикалық бюджеттің 46,2%-ы) мен Астана (23,0%).


















Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Бішкекте кәсіпкерлер жаңа салық ережелеріне қарсы акция өткізді
Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті
Екібастұзда жылу желісіндегі ақауға "станция қызметкерінің қателігі" себеп болғаны айтылды