Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңірдің Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесу барысында ауыл шаруашылығын дамыту негізгі бағыт екенін атап өтті, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
Оның сөзінше, облыста халықтың көпшіліг ауыл шаруашылығына тәуелді.
«568 652 солтүстiк қазақстандықтың 318 862-i ауылдық жерлерде тұрады, бұл — 56%-дан астам көрсеткiш. Осының өзi өңiрдегi халықтың негiзгi бөлiгi ауыл шаруашылығына тәуелдi екенiн көрсетедi», — дедi Құмар Ақсақалов.
Сондай-ақ, Құмар Ақсақалов егiстiк алқаптарды әртараптандыруға, мал шаруашылығын дамытуға және еңбекке ақы төлеуге ерекше назар аударды.
«Көктемгi-дала жұмыстарының қорытындысы бойынша биыл майлы дақылдар алқабын 39%-ға көбейтiп, 200 мың гектарға жеткiздiк, ол республика бойынша майлы дақылдар көлемiнiң 30,4%-н құрайды. Сол сияқты Қазақстан бойынша жасымық, бұршақ, нут алқаптары 209 мың гектарға көбейдi. Бiздiң өңiрде жасымық алқабы 2,5 есе өсiп, 195,5 мың гектарға жеттi. Алғаш рет 4,9 мың гектарға соя ектiк», — дедi облыс әкiмi.
Мамандардың пiкiрiнше, өңiрде жүргiзiлген жұмыс Қазақстанның жасымық егуден дүние жүзiнде бесiншi, оны экспорттаудан төртiншi орын иеленуiне мүмкiндiк бередi.