Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Иранның тұрақты өкілі БҰҰ бас хатшысына хат жолдап, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Тиллерсонның ИИР билігін құлатуды көздеген арандатушылық сөздері туралы шағым айтты. Бұл туралы сол елдің «Парс.Ақпарат» агенттігі хабарлап отыр.
Иранның БҰҰ-дағы өкілі Антониу Кутерришке жолдаған шағым хатында: «Рекс Тиллерсонның бұл дұшпандық уәждері Вашингтонның да, халықаралық құқықтық заң нормаларына да сай келмейді. Бір елдің лауазымды тұлғасы ретінде Иранның егемендігіне, тұтастығына және ішкі ісіне қарата арандатушылық жасап отыр»,– делінген.
14 маусым күнгі АҚШ Мемлекеттік хатшысының сөйлеген сөзі, Иран үкіметінің күшті наразылығын тудырған еді. Содан бері Иран жақы барлық жолдар арқылы Тиллерсонның сөзін айыптап, жер жебіріне жетті деуге болады. Тиллерсонға «Уашингтон Ирандағы бізге көмектесе алатын адамдарды бар мүмкіндіктермен қорғайды» деген сөзі Иран жағынан «халықаралық құқықтарды бүлдіру», «ИИР режимін құлатуды көздеген арандатушылық» сынды айыптар тағып отыр.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы