АҚШ президенті Дональд Трамптың жоғары кеңесшісі әрі күйеу баласы Жаред Кушнер осы аптада Таяу Шығыста мемлекеттік сапарда болады. Бұл туралы «Түрік Теле-Радио» қызметінің ресми сайты хабарлап отыр.
Ақүйдің ресми мәлімдемешісі Шон Спайсер кезекті баспасөз мәслихатында Кушнер сапары туралы растады. Сапардың басты мақсаты Таяу-Шығыспен Америка Құрама Штатының жаңа қатынасын бекемдеуге бағытталатынын айтты.
Трамптың күйеу баласы өз сапары барысында Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуға және Палестина басшысы Махмұд Аббаспен кездеспек.
Кушнер сапарының нақты мақсаты анық айтылмағанымен, АҚШ-тың Израильдегі бас елшілігінің Иерусалимге көшірілуі ісі туралы өзгерістерге әсер етуі мүмкін. Егер Иерусалим қаласына АҚШ елшілігі орналасатын болса, онда Құрама Штат бұл қаланы Израильдің астанасы деп мойындайтынын білдіреді.