Қытайдың Sungrow фирмасы елдің шығысында әлемдегі ең үлкен жүзетін электр станциясын іске қосты. Станция күн энергиясын жинақтап, нысандарға бағыттап отырады.
Станция Пекиннің оңтүстігінен 800 шақырым жерде орналасқан Хуайнань қаласының электр жүйелеріне қосылып, электр энергиясын тарата бастады.
Электр станциясының қуаты 40 мегаваттқа жетеді. Осы тектес құрылымдар бойынша әлемдегі ең қуаттысы болып табылады.