Франция президенті Эммануэль Макронның басшылығындағы жаңа серпін алған, Орталықшыл саяси партия жексенбі күні Франция парламенттік сайлауының бірінші турында жеңіспен қадам басты. Францияның саяси бетбұрысы ретінде елде басқарудың абсолюттік көпшілік пайдалану мүмкіндігі орнатып, оған қоса Еуропалық саяси аренада да өзгерісті жүргізуге тырысуда. Бұл туралы “The Wall Street Journal” басылымы.
Ipsos Sopra-Steria сайлау институтының жариялаған сайлау қортындысы бойынша, Макрон басшылық еткен Республикашыл «Алға» партиясы жеңіп шыққан. Жалпы елдің 32 пайыз дауысын жинаған. Орталық Оңшыл республикалық партия сайлауда екінші орынды иелеп, 21,2 пайыз дауыс жинаған. Ipsos Sopra-Steria сайлау институтының мәлімдеуінше, Макронның «Алға» партиясы секілді ортақ ұстанымдағы ортақшыл партиялар, сайлаудың екінші турында абсолютті түрде парламенттің көп орынын алуға тиісті. Яғни, 577 орынның 415 де 455 орынын аталған партия алуға тиісті.
Сайлау қортындысы Франция билігіне келген жаңа өзгерісті шындап дәлелдеп отыр. Бұл ЕО-ның қолдап, Франция экономикасына тебін беру ұстанымындағы Макронның, бұрынғы жүйені шындап ығыстырып шығарғанын көрсетеді.