2016 жылы орта және ірі кәсіпорындардың жұмыс берушлері кадрлардың көрсеткішін сақтап қалу үшін инвестиция көлемін арттырған, жалақы көлемі де біраз өскен. Өткен жылы қызметкерлерді үймен қамту ұйымдарының шығындары 2015 жылға қарағанда 6,8 млрд теңгеге артық болған, яғни 38,3 млрд теңгені құрайды.
Finprom.kz агенттігінің мәліметінше, жұмыс берушілер жұмысшыларының кәсіби біліктілігін арттыруға да біраз шығынданған. 2016 жылғы қаржы 2015 жылға қарағанда 5,6 млрд теңгеге арық болған.
Сондай-ақ, қызметкерлерді әлеуметтік қорғауға 599 млн теңге артық жұмсалған. Жалпы сома - 231,2 млрд теңге.
Жұмыс берушілердің қызметкерлер үшін жұмсалатын жалпы шығыны 2016 жылы 10%-ға немесе 512 млрд теңгеге өскен. Дегенмен бұл 2012-2013 жылдардағы жұмсалған қаржыға қарағанда төмен. Себебі бұл жылдары шығын жылына 14%-ға немесе 582 млрд теңгеге өскен.
Ал тек бір қана қызметкер үшін жұмсалатын қаржыға келер болсақ, 2016 жылы әрбіріне шамамен 2 млн теңге жұмсалған. 2015 жылғы көрсеткіш 200 мың теңгеге төмен.
Қызметкерлеріне ең қамқор жұмыс берушілер теңіз жүк көлігі, компьютерлік бағдарламалау және лизинг салаларында. Мысалы теңіз жүк көлігі саласында 2016 жылы әрбір қызметкерге 11,2 млн теңге жұмсалған. Бұл 2015 жылғы кқрсеткішке қарағанда 46%-ға, 3,5 млн теңгеге көп. Яғни бұл салада жұмыс істейтін әр сағатына 6 мың теңге төленеді.