Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының қанша содыры бар екендігін хабарлады.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мәліметінше Ирак пен Сүрия аумағында «Ислам мемлекеті» лакестік ұйымының 12-20 мың әскері бар. Соңғы 16 айда олардың саны күн санап азайып келеді.
«Соңғы уақытта Ирак пен Сүрия аумағындағы «Ислам мемлекеті» ұйымына сырттан қосылушылар саны күрт азайған, оның үстіне террорлық ұйымның қатарында қан төгіп жүрген содырлардың көпшілігі өз елдеріне қайта қайту үстінде. Бұл халықаралық тыныштыққа үлкен қауіп төндіріп отыр.» делінген БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің баяндамасында.
БҰҰ зерттеулері бойынша қазіргі таңда «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымы қаржыны адамдарды кепілдікке алу, басып алған жерлерінен салық жинау, заңсыз мұнай тасымалдаудан алып отыр екен.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау