Бүгін Астанада Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымы саммитінің аясында Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ бас хатшысы Антони Гутерришпен кездесті.
Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев «Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының тарихында бүгін алғаш рет БҰҰ бас хатшысы ұйым саммитіне қатысып отыр. Сіздің ұйым жұмысына қатысуыңыз тарихи сәтпен тұспа-тұс келіпті. Бүгін ШЫҰ құрамына Үндістан мен Пәкістан мүшелікке қабылданып отыр. Бұл дегеніміз ұйымның осы аумақта ғана емес әлемдік дәрежеде саяси салмағын артады деген сөз.» деді.
Бұдан бөлек Назарбаев Қазақстан БҰҰ кез келген бастамасын қолдайтынын және қазақ елі әлем бойынша антиядролық қозғалыстың көш басшысы екендігін айтқан.
Ал Антони Гутерриш өз кезегінде «Мен бүгін саммитке келіп ШЫҰ жер шарының тартылыс күші екендігіне тағы бір рет көзім жетті. Бұл ұйым осы аумақта тұрақтылықты сақтап тұрудың қозғаушы күші болады деп ойлаймын. Енді осы ұйым арқылы Үндістан мен Пәкістан өзара диалогқа келеді деген үміттемін.» деді.


















Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі