ҚР Парламенті Cенаты пленарлық отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қабылдады.
Заң жобасы бойынша енді 2017 жылғы 1 шілдеден бастап зейнетақының мөлшері 2016 жылғы деңгейден 20%-ға, бала туылғанда берілетін біржолғы жәрдемақының мөлшері 20%-ға өсетін болады.
Жалпы, зейнетақы мен аталған жәрдемақы түрін көбейтуге республикалық бюджеттен 81,6 млрд теңге қарастырылған. Заңға сәйкес, ең төменгі зейнетақы 40 950 мың теңгеден асуы мүмкін және бұл норма Қазақстандағы барлық 2 млн зейнеткерге қатысты.