Иран ислам ревалюциясын қорғаушылар корпусы Тегеранда болған лаңкестік шабуылға Сауд Арабиясының қатысы бар деп хабарлады.
Иран ислам ревалюциясын қорғаушылар корпусының генералы Хоссейн Салами «Тегерандағы жарылыс АҚШ президенті Дональд Трамптың араб елдерінің басшыларымен кездесуінен кейін, бір аптадан соң болды.Бұл лаңкестік шабуылды «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымы өз мойынына алды. Ал Сауд Арабиясының террористерді қолдап отырғанын ескерсек, бұл жерде олардың тікелей қатысы бар. Иран ел астанасы Тегеранда болған лаңкестік шабуыл үшін мінетті түрде кек қайтарады.» деген.
Естеріңізге салайық 7 маусым күні Тегеран қаласында Аятолла Хоменей мавзолейі мен Иран парламенті ғимаратына лаңкестік шабуыл жасалып, салдарынан 13 адам көз жұмып, 43 адам жарақат алған еді. Кейінен бұл террорлық шабуылды «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымы өз мойынына алған болатын.


















ҚАРСЫЛАСУДЫҢ ЖАҢА ФАЗАСЫ: Соңғы 72 сағат соғыстың қай бағытқа кеткенін көрсетті
Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті