«Ислам мемлекеті» террорлық ұйымы Иран астанасы Тегеранда болған лаңкестік шабуылды өз мойынына алды.
Бұған дейін Иранның Fars ақпарат агенттігі Тегеранда бір уақытта Иран парламенті мен Аятолла Хоменейдің мавзолейіне лаңкестік шабуыл жасалғанын хабарлаған болатын.
Тегерандағы шабуыл кезінде сегіз адам көз жұмып, оннан астам адам жарақат алған болатын.