БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш 50 жылдан бері жалғасып келе жатқан жаулауды тоқтату туралы Израильге үндеу тастады. Бұл туралы «Түрік Теле-Радио» қызметінің ресми сайты хабарлап отыр. БҰҰ Бас хатшысы өңірде бір тұтас бейбітшілік орнатудың басты негізі – жаулауды тоқтатып, бейбіт келіссөздерге бару екенін айтты.
Бұл туралы Гутерреш Израильдің Палестинаны жаулауының 50 жылдығына орай жасаған жазбаша мәлімдемесінде сөз етті. Ол мәлімдемесінде жарты ғасырдан бері жалғасып келе жатқан Израильдің Палестинаны жаулау шапқыншылығы өңірдің тұрақтылығын бұзып, Палестина халқының ұрпақтан ұрпаққа лагерлерде кедейшілікпен өмір сүруіне алып келгенін ескерте кеткен.
Гутерреш сөзінде: «Израиль шапқыншылығы екі елдің өміріне де ауыр зиян салды. Екі мемлекеттің халқын кедейлікке ұрындырды. Сондай-ақ, палестиналықтар мен еврейлер арасында бітпес жаулық пен тарқамас кекті орнатты. Палестиналықтардың мемлекетін қайта құру идеясы, израильдіктердің көксеген тыныштық пен бейбіт өмірін жүзеге асырмайды», – деді.