АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон Қытайға қатаң түрде ескерту жасап, Оңтүстік Қытай теңізіндегі аралдарда әскери әрекеттерді жеделдетуін жедел тоқтатуын, Солтүстік Кореяға түсіретін қысымды арттыруын талап етті. Сондай-ақ, Азия-Тынық мұхит өңірінің тыныштығын сақтауда жауапкершілігінің ауыр екенін қатаң ескертті. Бұл туралы “The Wall Street Journal” басылымы хабарлап отыр.
Рекс Тиллерсон дүйсенбі күні Сиднейдегі Австралия мен АҚШ-тың жыл сайын өтетін диалогы кезінде, АҚШ Қорғаныс министрі Жим Мэттистің сөзіне жауап бере келіп, Солтүстік Кореяның зымыран дамыту мен ядролық бағдарламасынан бас тарту ісінде Қытай үкіметіне көбірек сүйенетіндігін айтты.
Сиднейдегі отырыстан кейінгі баспасөз мәслихатында Тиллерсон: «Қытай маңызды сауда экономикалық қуатқа ие ел. АҚШ Қытай үкіметінің АҚШ пен Қытай ынтымақтастық қарым-қатынасын дамытады деп үміттенеді. Алайда АҚШ Қытайдың экономикалық қуаты арқылы басқа мәселелерді шешуіне мүмкіндік бере бермейді. Айталық, Оңтүстік қытай теңізіндегі әскери күштерді арттыру, Солтүстік Кореяға түсіретін қысымды жеңілдету секілді қадамдарда», – деп ашық айтты. Ол сөзінің жалғасында: «Қытай өзінің экономика мен сауда-саттықтағы ықпалдылығымен қоса мынаны мойындауы керек – халықаралық қауіпсіздікті сақтау ісінде өздерінің жауапкершілігінің жоғары».
Қытайдың СІМ өкілінің бірінен Тиллерсонның бұл ескертуі туралы сұрағанда, ол: «Солтүстік Корея және Оңтүстік Қытай теңізі мәселесінде Бейжің тарапы бейбітшілікті батыл қолдап келеді. Сонымен қатар АҚШ-та өңірдегі Қытай ықпалы мен күшін де мойындайды деп үміттенеміз», – деп жауап берген.