Солтүстік Корея СІМ-ның ресми мәлімдемесінде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің КХДР туралы шешіміне наразылық танытты. Сондай-ақ, мәлімдемеде Солтүстік Корея тарапы санкциялар мен түрлі қысымдарға қарамастан өздерінің ядролық бағдарламасынан бас тартпайтындығын жариялады. Бұл туралы Оңтүстік Кореяның "Yonhap" агенттігіне сілтеме жасай отырып "Шинлаң" ақпараттық порталы хабарлап отыр.
Солтүстік Корея СІМ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шешімін белгілі бір елдердің мүддесіне жанбасушылық деп сынға алды. Сондай-ақ мәлімдеме арасында: "КХДР-ға санкциялар мен экономикалық және саяси қысым жасауды көздеген елдер қате шешім жасап отыр. Мұндай қысым жасау шаралары оларға көмектеспейді. Қаншалықты қысым келсе де біз өзіміздің ядролық бағдарламамыздан және баллистикалық зымырандарды дамыту бағдарламаларымыздан бас тартпаймыз", – деді.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы