Иран ислам революциясы Сақшылар корпусы бас қолбасшысының орынбасары: «Барлық статистикалық мәліметтер мен көрсеткіштер Американың күш- қуатының кеміп бара жатқанын көрсетеді» деп хабарлайды" The Qazaq Times" parstoday-ға сілтеме жасап.
Ислам революциясы Сақшылар корпусы бас қолбасшысының орынбасары сардар Хосейн Салами Иранның орталығындағы Язд қаласында кесенені қорғаушы шәһидтерді еске алу рәсімінде: «Батыстың жобалары бұдан былай жарамсыз. АҚШ, Еуропа және олардың араб одақтастары мен сионистердің аймақ пен Ирандағы астыртын әрекеттері залалсыздандырылды.
Америка Сүрия дағдарысына алты жыл араласудан кейін енді аймаққа әскермен тікелей араласа алмайды.
Иранның күш-қуаты барлық ірі алпауыттар тарапынан мойындалған. Енді олардың Иран ислам республикасы жүйесін құлататын қауқары жоқ.
Бүгінде ислам революциясы Сақшылар корпусының теңіз күші Парсы Шығанағында дұшпандардан қалыспай құзырға ие болып отыр, өйткені АҚШ, Еуропа мен олардың аймақтық серіктестерінің ислам әлеміне үстемдік ететін әлеуеті аяқталып барады» деді.
"The Qazaq Times"


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау