Қытайлық туристік компаниялар «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне қатты қызығушылық танытуда. Бұл жайында «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің халықаралық қатысушылармен байланыс департаментінің басшысы Илья Уразаков мәлімдеді.
Уразаков Италия павильонынына байланысты өткен баспасөз мәслихатында «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне 2,4 миллион адам келуі тиіс. Оның 15 пайызы шет елдік қонақтар болады деп күтілуде. Бұл шамамен алғанда 600-750 мың шет елдік турист деген сөз. Бұның 150-200 мыңы Қытайдан келеді деп отырмыз. Өйткені «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық басталғалы бері қытайлық туристік компаниялардың көрмеге деген қызығушылығы өте жоғары.» деген.
«Астана ЭКСПО-2017» көрмесі 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтеді. Көрме аясында 3 мыңға жуық мәдени іс-шара, 40 ғылыми конференция, 126 ұлттың күні аталып өтеді деп жоспарлануда.