Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Өскемен қаласы әкімдігінің ұжымына жаңа әкімді таныстырды. Енді Өскемен қаласын Қуат Тумабаев басқарады. Ол бұл қызметке келгенге дейін облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарған және ең жас қала әкімі.
Қуат Тумабаев 1980 жылы 30 қазанда Семей қаласында дүниеге келген. Семейдегі Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің "Халықаралық экономикалық қатынастар" мамандығын бітірген. 2003 жылы Қазақтың гумманитарлық заң университетін бітіреді. Қызмет жолын «Альянс банк» АҚ кредиттік бөлімінің қызметкері болып бастады.
Ол 2012 жылдан бастап ҚР экономикалық даму және сауда министрлігнің инвестициялық саясат департаментін басқарған. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының кеңесшісі қызметін атқарады.
Қуат Тумабаев "Агрофирма Приречное" директоры, облыстық мәслихат депутаты Мұхит Тумабаевтың ұлы.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?